Жарақаттардың негізгі себептері мен түрлері

Адам өмір бойына әртүрлі жарақаттардан зардап шегеді. Тірек-қимыл жүйесінің зақымдануы – уақытша еңбекке жарамсыздықтың және тіпті мүгедектіктің жиі себебі болып табылады3. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, жарақаттар 16% жағдайда ауруларға себеп болады және жыл сайын 5,8 миллион адамның өліміне әкеледі. Бұл барлық жастағы адамдар үшін 10% жағдайда және 15-59 жас аралығындағы адамдарда 22%-29% жағдайларда өлімге себеп болады2.

Жарақат дегеніміз не?

Жарақат – бұл сыртқы әсерден туындайтын және тіндердің тұтастығын бұзатын зақым3.

Жарақаттар неден пайда болады?

Жарақаттар жұмыста, үйде, спорт жаттығулары кезінде немесе ЖКО салдарынан алынуы мүмкін. Көбінесе жарақаттар өндірісте немесе спортпен айналысу кезінде пайда болады.

Өндірістік жарақаттардың туындау себептері4:

  1. Қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;
  2. Жабдықтың дұрыс пайдаланылмауы;
  3. Оқытудың жүргізілмеуі;
  4. Нашар еңбек жағдайлары;
  5. Шамадан тыс жүктеме;
  6. Физикалық шаршау.

Спорттық жарақаттардың туындау себептері5:

  1. Техниканың дұрыс қолданылмауы: жаттығуларды немесе қимылдарды дұрыс орындамау.
  2. Дайындықтың жеткіліксіздігі: жаттығу алдында қыздыру қимылдарының жасалмауы.
  3. Шамадан тыс жүктеме: жаттығулар мен жарыстардың шамадан тыс көп жүргізілуі.
  4. Сәйкес келмейтін немесе сапасыз жабдықтар
  5. Сыртқы факторлар: қолайсыз ауа-райы жағдайлары, тайғақ жер беті немесе ауа температурасының жоғарылауы.

Профилактика спорттық жарақаттардың алдын алуға көмектеседі. Дұрыс техника, тиісті дайындық, сәйкес келетін жабдықты пайдалану және қауіпсіздік шараларын сақтау жағымсыз салдарлардың қаупін азайтады5.

Жарақат түрлері

1. Жарақаттаушы фактордың сипатына қарай6:

  • Механикалық: сыртқы күштерден, соққыдан, құлаудан, қысылудан және т.б. туындайды;
  • Термиялық: жоғары немесе төмен температуралардың әсерінен туындайды. Мысалы, күйіп қалу немесе үсік шалу;
  • Химиялық: жебір заттармен беттескенде;
  • Радиациялық: радиациялық зарарға байланысты пайда болады;
  • Электр жарақаттары: токтан туындайды;
  • Құрамдастырылған.

2. Орналасқан жеріне қарай:

  • Жергілікті: дененің белгілі бір аймағымен шектеледі.
  • Көп сипатты жарақаттар: дененің әртүрлі бөліктеріне әсер ететін бірнеше жарақат.

3. Ағзаның зақымдану дәрежесі бойынша:

  • Оқшауланған: тек бір органды немесе аяқ-қолдың біреуін зақымдайды. Мысалы, көкбауырдың үзілуі немесе бұғананың шығып кетуі.
  • Көптеген: дененің бірнеше бөліктеріне бірдей зақым келтірілуі. Мысалы, аяқ-қолдың бірнеше жерден бір мезгілде сынуы.
  • Ұласпалы: тірек-қимыл аппаратының және ішкі органдардың бір мезгілде зақымдалуы. Мысалы, иықтың сынуы және көкбауырдың үзілуі.
  • Құрамдастырылған: механикалық және механикалық емес зақымдар. Мысалы, аяқтың сынуы және үсіп кетуі.

Бұл жарақаттарды жіктеудің кейбір мысалдары ғана. Іс жүзінде жарақат түрлері әлдеқайда көп және олардың әрқайсысы емдеуде жеке назар аударуды қажет етеді6.

Жарақат түріне қарамастан, жағдайды бағалау және оңтайлы ем тағайындау үшін дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Қажет болса, ауырсынуды басатын дәрі қабылдауға болады, бірақ жанама әсерлері болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Ауырсынуды басатын препараттардың (СЕҚҚЗ) қандай түрлері бар?

Жарақаттаушы фактордың сипатына қара6:

Жабыстырғыштар – жарақат алған кезде дәрі-дәрмектерді жеткізудің тиімді, жылдам және ыңғайлы тәсілі. Белсенді зат бауыр мен асқазан-ішек жолдарынан өтіп, тері арқылы қанға енеді. Бұл асқазанның немесе бауырдың тітіркенуі сияқты жанама әсерлердің қаупін азайтуы мүмкін7.

Жедел қабылданған шаралар мен дұрыс емдеу жарақаттың кез келген түрін қалпына келтіруде шешуші рөл атқарады.

Дерек көздері мен әдебиет:

  1. Тихилов Р.М. Сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары мен аурулары кезінде еңбекке уақытша қабілетсіздіктің негізгі көрсеткіштерінің динамикасы. Ресей травматологиясы және ортопедиясы. 2009; 3 (53): 70-77.
  2. World Health Organization. The global burden of disease:2004 update [Electronic resource). — 2008. — Mode of access http://www.who.int /healthinfo /global_burden_disease/ 2004 report update/en/index.html 6-12-2010.
  3. Кислицын М.Н. Спортпен шұғылдану кезінде жарақаттанудың негізгі түрлері. УЮИ жаршысы. 2014; 2: 64.
  4. Матвеев Р. П., Фирсов С. А. Жарақаттану апаттар медицинасының өзекті мәселесі ретінде. 2014; 6:49.
  5. Погорелова А. С. Өндірістік жарақаттану. Халықаралық қолданбалы және іргелі зерттеулер журналы. 2012; 1: 111-112.
  6. Харрасов А. Ф. Жарақаттар кезіндегі алғашқы медициналық көмек. 2018:108.
  7. Шестаков Н.В., Пятигорская Н.В. Қаңқа-бұлшықет аурулары кезіндегі стероидты емес қабынуға қарсы заттар: трансдермалды терапия жүйелерінің артықшылықтары. РМЖ. 2019;4:28-31.

Дәріханаларда рецептісіз беріледі

Қайдан сатып аласыз?
Нұсқаулық

ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР БАР, ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МАМАННАН КЕҢЕС АЛУ ҚАЖЕТ